Ресми

Өңірде – кадрлық өзгерістер

Бұған дейін Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген Ирина Любарская жаңа лауазымға тағайындалды. Ол облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманы басқарды.

 Ирина Любарская 24 қараша 1967 жылы дүниеге келген. «Физик-оқытушы», «Құқықтану бакалавры» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.

ҚарМУ бітіргеннен кейін алты жыл Қарағанды қаласының № 18 орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді (19891995). Содан кейін мемлекеттік қызметке ауысты. Қарағанды қаласы Киров аудандық әкімшілігінің ішкі саясат секторының бас маманы қызметінен бастаған. Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімінің аппаратында аймақтық бөлім бастығының орынбасары, ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бастығы болды. Ұзақ уақыт Қарағанды әкімдігінде ішкі саясат саласында еңбек етті. Бөлім басшысынан басқарма бастығына дейін (20032010) көтерілді. Одан кейін Октябрь ауданы әкімінің әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасары болды. 2011 жылдың мамыр айынан қазіргі уақытқа дейін Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

«Құрмет» орденімен марапатталған.


Облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және мұрағаттар басқармасының басшылығына сол басқармада басшының орынбасары болып жұмыс істеген және басшының міндетін атқарған Рустам Байжанов тағайындалды.

Рустам Байжанов 1987 жылы 25 ақпанда дүниеге келген. «Аспап жасау бакалавры», «Құқық магистрі» біліктілігі бойынша екі жоғары білімі бар. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, «Болашақ» Академиясын бітірген. Еңбек жолын 2009 жылы облыстық ТЖД ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер және талдау жұмыстары басқармасының бас маманы қызметінен бастаған. Содан кейін өртке қарсы қызмет органдарында қызмет етті. 2012-2013 жылдары «Орақ» ЖШС директорының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. Бұдан кейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да жобаның әкімшісі/ талдаушысы болды. 2014-2015 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігінде материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаментінің сарапшысы. Содан кейін «Карспецстрой» ЖШС атқарушы директоры болды. 2016 жылдан 2018 жылға дейін Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді. 2017 жылдың маусым айынан бастап, қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және мұрағаттар басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

 Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button