Білім

Инновация мен интернет тілі

Бүгінде технологияның дамуы мен цифрлық революцияның өрлеу кезеңінде ағылшын тілінің рөлі жоғары. Әлемдік технология да осы тілде сөйлеп тұр. Сондықтан, оны үйрену бүгінгі таңда көптеген адамдар үшін маңызды.

Сурет lingvaflavor.com

Ағылшын тілін оқытуда жаңа инновациялық технологиялардың қолданылуы бұл жүйеге жаңа серпін береді. Технологиялардың арқасында тіл үйрену қызықты, тиімді әрі қолжетімді бола түсті. Ағылшын тілін үйренудің заманауи әдістерінің бірі – электрондық оқулықтар мен мобильді қосымшалар пайда болды. Көптеген қосымшалар мен бағдарламалар интерактивті және бейнемазмұнмен толықтырылды. Мысалы, Duolingo, Babbel, Memrise секілді қосымшалар жеке оқу бағдарламаларын ұсынып, сөздік қорды байыту, грамматикалық ережелерді меңгеру, тыңдау және сөйлеу дағдыларын дамытудың таптырмас құралына айналды. Сонымен қатар, виртуалды шындық (VR) және кеңейтілген шындық (AR) ағылшын тілін оқытуда өте перспективті құралдар. Осы технологиялардың көмегімен студенттер шынайы өмірдегі ситуацияларды қайтадан жасай отырып, тілдік дағдыларын жетілдіре алады. Мысалы, виртуалды шындық арқылы студенттер ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде саяхат жасап, әртүрлі диалогтар мен күнделікті жағдайларда ағылшын тілін қолдануға мүмкіндік алады. Бұл әдіс тіл үйренушілерге нақты өмір жағдайында сөйлесу тәжірибесін береді.

Сонымен қатар, бүгінде жасанды интеллект (AI) негізінде жұмыс істейтін жүйелер қазіргі таңда ағылшын тілін үйренушілерге кеңінен қолданылады. AI технологиялары тіл үйренушінің жеке қажеттіліктеріне қарай бейімделеді, нақты сөздерді, фразаларды және грамматикалық құрылымдарды үйренуге көмектеседі. Мысалы, Google Translate, Grammarly секілді құралдар тілдік қателіктерді автоматты түрде түзетіп, жазу мен сөйлеу дағдыларын жақсартуға мүмкіндік береді.

Ағылшын тілін үйренудің тағы бір тиімді әдісі – тілдік алмасу. Әртүрлі онлайн платформалар, мысалы, Tandem немесе HelloTalk, білім алушыларға ағылшын тілін тілді негіз ретінде қолданатын адамдармен байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Бұл байланыс оларға сөйлеу және тыңдау дағдыларын жетілдіруге көмектеседі, сондай-ақ, шетелдік мәдениеттермен танысуға мүмкіндік береді.

Электрондық оқулықтар мен мобильді қосымшалардан бастап, виртуалды шындық, жасанды интеллект ағылшын тілін үйренуді қызықты әрі қолжетімді етеді. Технологиялардың дамуы арқылы тіл үйренушілердің қолында жаңа мүмкіндіктер мен ресурстар пайда болуда. Бұл өз кезегінде тіл үйрену үдерісін жаңа деңгейге көтереді.

Айым МУСИНА,
№5 жалпы білім беретін
мектептің ағылшын тілі мұғалімі
БАЛҚАШ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button