Халық үшін маңызды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды. Мәселеге байыппен қарап, түрлі пікірлер мен ұсыныстарды саралай келе, өзінің салиқалы шешімін айтты. Бұл шешім – еліміздің дамуындағы түбегейлі бетбұрыс деп білемін. Тәуелсіздікті иеленгеннен кейінгі тарихи маңыздылығы жағынан екінші үлкен қадам. Негізі, ұлттық мәселенің үлкен-кішісі болмайды. Бұл әліпбидің бір ерекшелігі қолдануға ыңғайлы, алдыңғы нұсқадан ықшамдалғандығы. Ендігі мақсат – мамандарды латын графикасына икемдеп, қайта дайындау.

Мемлекет басшысының қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру бастамасына баршамыз қолдау білдіргеніміз жөн. Өйткені, өзіміз таңдап, сенім артқан Елбасының әрбір бастамасы халық үшін аса маңызды.

Е. ТЕМІРҒАЛИЕВ,

Ботақара орта мектебінің тарих және география пәнінің мұғалімі.

 БҰҚАР ЖЫРАУ ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.