АймақШет

Халық қалаулылары Шет ауданына барды

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары Тілектес Адамбеков, Унзила Шапак мен «AMANAT» партиясы Қарағанды облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бекзат Алтынбеков жұмыс сапарымен Шет ауданына барды. Олар ауданда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысып қайтты.

Унзила Шапак Ақадыр кентіне барып қайтты. Кенттегі құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақтағы жұмыс барысымен танысты. Сонымен қатар, қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу өткізіп, кенттегі мәселелерді талқылады.

Тілектес Серікбайұлы аудан орталығыда орналасқан «Sine Midas Stroy» компаниясының қызметкерлерімен кездесіп, атқарылған жұмыстарын көріп қайтты. Айта кетейік, аталмыш компания «Қарағанды-Балқаш» автобанының құрылысын жүргізіп жатқан ірі компания.

 

Кездесу соңында ауданға келген депутаттар «Amanat» партиясы филиалы ғимаратында аудандағы қордаланған мәселелерді талқылау мақсатында кездесу өткізді. Шешу жолдары талқыланды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button