Жаңалықтар

ҚАЖ мекемесіне телефон өткізудің әрекеті тоқтатылды

Қарағанды облысындағы №29 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне тыйым салынған заттарды кіргізу әрекеті тоқтатылды.Бұл туралы Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Суреттер Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметінен

Оқиға мекеме маңындағы техникалық қызмет көрсету станциясының аумағында болған. Көлік бақылау-өткізу пунктінен өту кезінде қызметкерлер тексеру жүргізіп, артқы дөңгелегіне жасырылған екі ұялы телефонды тапқан.

Тәркіленген заттар бойынша әрі қарайғы процессуалдық шараларды жүргізу үшін оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

ҚАЖ қызметкерлері мекеме аумағына тыйым салынған заттардың кіргізілуіне жол бермеу және белгіленген режимді сақтау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button