Руханият

Хакім жырын жатқа оқып…

Облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Ұлы халықтың – Ұлы Абайы» атты XVIIІ Абай оқулары облыстық байқауы өтті.

Сурет ұйымдастырушылардан

Байқауға аймағымыздың 15-21 жас аралығындағы талапты жастарынан іріктелген 40 үміткер қатысты.

Айтулы шараны ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Салтанат Кеңесбекова құттықтау сөзімен ашты.

Қарағанды облысының жастары арасында дәстүрлі түрде әр форматта өтіп келе жатқан Абай оқуларына қатысушы жастарға Абай мұрасынан нәр алып, оның асыл сөздерін, өресі асқақ поэзиясын, терең философиясын бойына сіңіру қажеттігін айтып, оларға сәттілік тіледі.

Шара барысында барлық қатысушы қазылар алқасының алдында хакімнің өлеңдерін жатқа, мәнерлеп оқып шықты. Қазылар алқасы байқаудың жүйріктерін таңдап, жеңімпаздарды анықтады.

Байқау қорытындысы бойынша «Ұлы халықтың – Ұлы Абайы» атты XVIIІ Абай оқулары облыстық байқауының «Үздік көркем сөз шебері» номинациясы бойынша бас жүлде жеңімпазы Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің студенті Қаламқас Орынбай деп танылды.

І дәрежелі дипломымен Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Алтынай Марат пен Қарағанды қаласы Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушысы Гаухар Бақытбек, ІІ дәрежелі дипломымен Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенті Толғанай Ахметова мен Қарағанды жоғары «BOLASHAQ» колледжінің студенті Анел Тикенова марапатталды.

ІІІ дәрежелі диплом Қарағанды қаласы №14 мектеп-гимназия оқушысы Наргиза Рымжан мен академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің студенті Сезім Саятқа бұйырды.

Ынталандыру сыйлығын Сұрыптау станциясы «Жұмысшылар ауылы» №56 негізгі мектебінің оқушысы Диана Ғалымжан мен Бұқар жырау ауданы «Ростовка тірек мектебінің (РО)» оқушысы Самал Дүйсенбай жеңіп алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының дипломдары және арнайы сыйлығы табысталды.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде Қарағанды облысы Жастар саясаты басқармасының басшысы Нұржан Ілияшев сөз сөйлеп, жеңімпаздарды құттықтады. Шара барысында Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестігі «Арқа сазы» фольклорлық ансамблінің әншісі Ришат Шабденов Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндерін, Елдос Кәрімов ақынның «Торы жорға» күйін орындап, елдің көңілінен шықты.

Осындай талапшыл әрі ізденімпаз оқырмандары барда Абайдай ойшыл ақынның жырлары өлмек емес.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button