Жаңалықтар

Грэм Кларк стипендиясы – қарағандылықта

ГРЭМ КЛАРК АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯНЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ АМАНТАЙ АЙЫМБЕК ЖЕҢІП АЛДЫ.

Бұл стипендия – посткеңестік елдерінің арасында тұңғыш рет берілуімен құнды. 2002 жылдан бері Сосhlear компаниясы тағайындайтын аталған стипендия әлемнің кез келген еліндегі жаңашыл идеясы мен тың жобасы бар жастарға бұйырып келеді.

Сосhlear компаниясы Амантай Айымбектің экологиялық жобасын жоғары бағалап отыр. Қарағандылық өзінің еңбексүйгіштігімен көптеген жетістіктерге жетті. Ол ана тілімен қатар, ағылшын, түрік, орыс тілдерін еркін меңгерген.

Грэм Кларк атындағы қор 2002 жылы құрылған. Бұл қор – құлақ мүкістігі проблемасын шешу үшін ұзақ жылдар бойы тер төккен және кохлеарлы имплатанция технологиясын дамытуға орасан зор үлес қосқан профессор Кларктың құрметіне орай ұйымдастырылған.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button