Жаңалықтар

Қарағанды жастары этносаралық келісімнің қазақстандық моделін талқылады

Қарағандыда «Good zone» коворкинг-орталығында «Ұрпақтар естелігі» акциясы аясында кездесу өтті.  Кездесу аясында «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің бас менеджері Бақытқали Мұсабеков жастарға этносаралық келісімнің қазақстандық моделі туралы айтты.


– Біздің орталықта қоғам қайраткерлерінің, танымал адамдардың жастармен кездесулері өтеді. 1 мамыр мерекесі қарсаңында біз тәуелсіз Қазақстанның басты іргетасы  – халықтар бірлігі тақырыбын талқылауды ұсындық. Жастар өз елінің тарихын білуі керек, біздің қоғамның басты құндылықтары – бейбітшілік пен келісімді сақтауы тиіс, – деді Жастардың ресурстық орталығы директорының орынбасары Сәттібай Жүнісов. 
Кездесуге «VoltеQ» облыстық еріктілер клубының мүшелері, студенттер, белсенді жастар қатысты. 
– Мұндай кездесулер біз үшін маңызды және қызықты. Тәжірибелі, танымал адамдар өз көзқарастарымен бөліседі. Сондықтан бүгінгі кездесудің тақырыбы өте өзекті, – деді банк колледжінің студенті Асылжан Мусина.

Басқа материалдар

Back to top button