Газет – өмір айнасы

  Әлихан Бөкейхан айтқан төрт қағида бар. «Бірінші: газет – халықтың көзі, құлағы, тілі. Екінші: газет – жұртқа қызмет ететін нәрсе. Үшінші: газет – халыққа білім таратушы. Төртінші: газет – халықтың жоқтаушысы».

Газет болмаса біз көптеген қажетті мәліметтерді, әлемде болып жатқан жаңалықтарды білмес едік. «Орталық Қазақстан» газетіндегі «Балбөбек» айдарын мен 1-ші сыныптан бастап, өз мұғалімім әріптерді үйреткеннен кейін әжемнің үйіне барғанда оқып тұрамын. Сол үшін Торғай апайыма мың алғыс айтамын. Біздің «Орталық Қазақстан» секілді елімізде қазақ тілінде шығатын газеттер көп болса, тіл мәртебесі жоғарылайды деген ойдамын. Менің анам орыс ұлтынан болса да мен қазақ сыныбында оқып, қазіргі уақытта мемлекеттік тілде еркін сөйлей алатынымды мақтан етемін.

Дильназ ҚҰСАЙЫНОВА,

Абдолла Асылбеков атындағы мектептің 5 сынып оқушысы.

НҰРА ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.