АймақБас тақырыпҚарағанды

Гүл шоқтарын қойды

Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Жәнібек Садыханов бастаған кеңес мүшелері мен Saryarqa aqparat медиахолдингінің директоры Қайрат Әбілда бастаған БАҚ өкілдері Костенко атындағы шахтадағы апат салдарынан қайтыс болған кеншілердің құрметіне «Кенші даңқы» монументіне гүл шоқтарын қойды.

– Костенко атындағы шахтадағы апат барша қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырды. Қайтыс болған кеншілердің отбасына, туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Облыстың қоғамдық кеңес мүшелері кеншілеріміздің ерлігі мен батырлығын дәріптейтін «Кенші даңқы» монументіне гүл қоюға келдік. Қайғыларыңызға ортақпыз, – деді облыстың қоғамдық кеңес мүшесі Увайс Джанаев.

Ал, «Бұдан былай дәл осындай қайғы-қасірет болмасын. Еліміз – аман, жұртымыз – тыныш болсын!» деген қоғамдық кеңес мүшесі Марат Түсіпов енді түбегейлі өзгерістер болатынына сенімді.

– Облысқа келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл өндіріс орындарының меншік иесі өзгеретінін айтты. Оның орнына келетіндер сенімді айқтайды деп үміттенеміз. Қаза тапқан кеншілерге құрмет көрсету үшін осы ескерткішке арнайы гүл шоқтарын қойып тұрмыз. Отбасыларына қайғырып, көңіл айтамыз, – деді Марат Түсіпов.

Салтанат ІЛИЯШ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Суреттерді түсірген: Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button