Ертеңге – зор сеніммен

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «алдыңғы қатарлы дамыған 30 елдің қатарына сенімді түрде кіруді қамтамасыз етеді» деген 10 міндет көрсетілген. Бұл міндеттердің барлығы бүгінгі күннің ең маңызды мәселелерінің шешімі болмақ. Сол сияқты, «қазіргі әлемді жайлаған дағдарыс заманында не істеуіміз керек? Қандай міндеттерді жүзеге асыруымыз керек?» деген сұрақтарға тұщымды жауап беріліп, одан шығудың жолдарын саралап берді.

Мемлекеттiң қазiргi «Жаһандық жаңғыру» заманында экономикалық қиыншылықтарға қарамастан Жолдауда алға қойылған мемлекет алдындағы әлеуметтiк мiндеттердiң орындалатыны бiр жағынан халықты қуантса, екiншi жағынан мемлекетiмiздiң саясатының берiктiгiн, тұрақтылығын көрсетедi. Елбасы бiлiм беру жүйесiн үнемі өз назарында ұстайтынды. Президент айтқан: «Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік» деген сөздеріне біз де қосыламыз!

Бекзат МУЗДРАПОВА,

Т.Елгезек атындағы

НМ мұғалімі.

БҰҚАР ЖЫРАУ ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.