АбайАймақ

Ерлік сабағы

Топар кентінің көпшілік кітапханасында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне орай “Естелік уақыттан да күштірек” тақырыбында ерлік сабағы өтті. Оған кенттегі Ауған соғысының ардагерлері Нұрлан Рамазанов, Салават Лукманов, Рамиль Уртабаев арнайы шақырылып, осындағы Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектептің 10 сынып оқушылары қатысты.

Осы шараны ұйымдастырған кітапханашы Төлтай Әділбекова жиналғандарды Ауған оқиғаларына арналған тақырыптық көрмемен таныстырып,сол соғыстың қиындығы мен қияметі, жауынгер-интернационалистердің жанқиярлық ерліктері туралы әңгімеледі.
Өз кезегінде осы сабаққа арнайы шақырылған топарлық Ауған соғысының ардагерлері жат жерде бастан кешкендері мен жауынгер жолдастары жайлы естеліктерін айтып,оларды бір минут үнсіздікпен еске алды. Олардың әңгімелерін қызыға тыңдаған жоғары сынып оқушылары кешегі Ауған жеріндегі қанды шайқастардың куәгерлері,жерлес жауынгер-интернациолистерге көптеген сұрақтар қойып,тиісті жауаптарын алды.
Ауғандық ардагерлер құрметіне кенттің “Энергетик” Мәдениет үйінің қызметкерлері Л.Гринциндишина мен И.Габайдуллина жауынгерлік ән шырқап,бәрі естелік суретке түсті.

Ержан ИМАШ,
Абай ауданы
Сурет ұйымдастырушылардан

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button