Облыс әкімі

Ереуіл аяқталды

     «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахталарындағы ереуіл аяқталды.

Қарағанды облысы әкімі Ерлан Қошановпен және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Вадим Басинмен кездесуден соң бірінші болып жер бетіне Қазақстан шахтасының кеншілері шыға бастады. Содан соң Шахтинск, «Тентек» және Ленин атындағы шахталардағы жұмыскерлер көтерілді. Сағат 01.00-ге қарай барлық кеншілер (420 адамға жуық) жоғарыда болды.

Кеншілерге жұмыс берушілер ұсынған шарттар – барлық жерасты қызметкерлері еңбекақсын 30%-ға көтеру мәселесі айтылды. Жер бетінде жұмыс істейтін көмір кәсіпорындары қызметкерлерінің жалақысын көбейту мөлшерін алдағы келіссөздер барысында Келісу комиссиясы анықтайтын болады. Компанияның Көмір департаментінің барлық жұмыскерлеріне еңбекақы көлемінде бір реттік сыйақы төленетін болады.

Оған қоса, жұмыс берушілер 15 желтоқсанды демалыс күні деп жариялап, жұмысқа 16 желтоқсаннан бастап кірісу туралы ұсыныс жасады.

Кеншілер арасында Шахтинск қаласы прокурорының қолы қойылған хат таратылды. Хатта осы ереуілге қатысқаны үшін кеншілерді қылмыстық қудалаудан босату кепілдігі берілген. Сонымен қатар, прокуратура органы қажет болған жағдайда осы мәселеге қатысты құқықтық қолдау көрсетуге дайын екендерін білдірді.

Құрамына ынталы топ мүшелері, кәсіподақ комитеттері, прокуратура өкілдері, шахталардың директорлары, сондай-ақ, облыс және АМТ басшылығы енген Келісу комиссиясы арқылы кеншілер жұмыс берушімен әлі де келіссөздерді жалғастырады.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button