Жаңалықтар

“English project” – қоғам талабы

Заман талабына сай жоғары оқу орындарында білім мазмұнын жаңарту білім реформасының басты талабы. Осы орайда, «Рухани жаңғыру» және үш тілде білім беру мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру аясында KazTEA ұйымы ауылдардағы мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға бағытталған жобаны ұтып алды. Бұл жоба «Hornby Educational Trust» ұйымының қолдауымен KazTEA ұйымы еліміздің 6 облысында ағылшын тілі мұғалімдеріне арнап «Village Project Renaissance» атты шеберлік сағатын өткізді. Бұл жобаның мақсаты – шет тілде білім беру мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруда қазақстандық және шетелдік мамандардың тәжірибесін көрсетіп, әдіс алмасуды көздейді. Шет тілде білім беру мен жаңартылған бағдарламалар бойынша тренингтердегі мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылайды.

Облысымыз бойынша KazTEA директорлары басшысы, шет тілдері кафедрасының меңгерушісі Д.Жантасованың басшылығымен Қарқаралы ауданындағы №44 мектепте, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің шет тілдері кафедрасының оқытушылары аудандық және ауыл мектеп мұғалімдерімен жоба аясында шеберлік сағатын өткізіп, тәжірибе алмасты. Аталған іс-шараға ағылшын тілі мен STEM білім беру бойынша жұмыс істейтін мұғалімдер (физика, биология, информатика, химия пәндері) қатысты. Шет тілін оқытудағы қазіргі заманауи әдістерді қолдану мүмкіндіктері айтылды. Шеберлік сағатта CLIL, PBL, RBL, TBL, Bee және тағы басқа интерактивті әдістерді қолдана отырып, шет тіліне дағдыландыруға тәрбиелеу және басқа да өзекті мәселелер талқыланды.

Шара соңында қатысушылар пікір алмасты.

Салтанат ӘЛКЕН,

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті шет тілдері кафедрасының оқушысы.

Басқа материалдар

Back to top button