Жаңалықтар

Емханаларда ашық есік күні өтеді

27 сәуір күні Қарағанды облысының емханаларында бірыңғай ашық есік күні өтеді. Бұл туралы Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының қоғамдық денсаулық қызметі хабарлады. 


Акцияның мақсаты – халықтың вакцинация туралы ақпараттандырылу деңгейін арттыру. Мамандар қандай да бір себептермен дефтерия, сіреспе және басқа да сырқат түрлеріне қарсы екпе алмаған азаматтарға көмек көрсетіп, оларды қалай және қайдан алу керектігін түсіндіреді. 
Сондай-ақ, бұл күні облыстың барлық емханаларында алдын ала жазылусыз терапевт, хирург, онколог және акушер-гинеколог қабылдау жүргізіледі және  зертханалық диагностика, флюорографиялық зерттеу, УДЗ зерттеу, сүт бездерінің маммографиясын өтуге болады.

Басқа материалдар

Back to top button