Медицина

Ем алу жеңілдейді

Емханалар мен стационарлардағы медициналық көмекке қолжетімділікті арттыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі халықаралық стандарттарға сай диагностикалық рәсімдерді оңтайландыру жұмыстарын жүргізді. Бұл жоспарлы түрде ауруханаға жататын науқастардың «жұмысын» айтарлықтай жеңілдетеді.

Сурет: smi24.kz

Мәселен жаңа стандартқа сәйкес бірқатар зертханалық аспаптық зерттеулер нәтижелерінің жарамдылық мерзімі 10 күннен 14 күнге дейін, 1 айдан 6 айға дейін ұзартылды. Бұл ауруханаға жату дайындық үдерісін айтарлықтай қысқартуға сеп. Жалпы тізімде стационарлық жағдайда  нау­қастарды емдеуге қажет негізгі 13 зерттеу анықталды.

Диагностикалық рәсімдерді стандарттау мен оңтайландыру қажетсіз шығындарды, халықтың қалтасынан шығатын ақшаны азайтуға бағытталған. Ол өзгерістер медицина ресурстарын тиімді пайдаланып, жүктемені азайтуға ықпал етеді.

Жансая ОМАРБЕК,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button