Жаңалықтар

Қазақстан құрамасы жаңа бапкермен алғашқы жаттығуын өткізді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы жаңа бас бапкер Джон ван ’т Схиптің жетекшілігімен алғашқы жаттығуын өткізді. Ұлттық команда УЕФА Ұлттар лигасының 2026/2027 жылғы маусымындағы алдағы ойындарға дайындықты бастады.

Суреттер футбол федерациясынан

Жаттығу «Астана Арена» стадионында өтті. Нидерландтық маман бастаған жаттықтырушылар штабы футболшыларға алғашқы жаттығу жұмыстарын жүргізді.

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың жаңа бапкермен өткізген алғашқы жаттығуынан бейнематериалды ресми YouTube арнасында жариялады.

Ұлттық құраманы төрт ойын күтіп тұр

Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында алдағы кезеңде төрт кездесу өткізеді. Оның екеуі сырт алаңда, екеуі Астанада өтеді.

Матчтар кестесі:

  • 26 қыркүйек: Фарер аралдары – Қазақстан;
  • 29 қыркүйек: Словакия – Қазақстан;
  • 2 қазан: Қазақстан – Молдова;
  • 6 қазан: Қазақстан – Фарер аралдары.

Осылайша, Джон ван ’т Схиптің ұлттық құрамадағы алғашқы ресми сынағы Фарер аралдары мен Словакияға қарсы сырт алаңдағы матчтар болмақ. Кейін Қазақстан құрамасы Астанаға оралып, Молдова мен Фарер аралдарын қабылдайды.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button