Басты тақырыпОблыс әкімі

Елтаңбамыз – ертеңіміз, Байрағымыз – айбарымыз

   Кеше облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВТЫҢ қатысуымен «Жастар» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығына арналған «Ұлы Дала Елінің Рәміздері жасасын!» атты форум өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін концерт ұйымдастырылып, Қарағанды облысының әр түпкірінен форумға арнайы келген қонақтар өздерінің лебіздерін білдірді.

Форумды ашу құрметі ҚР «Құрметті металлургі», Теміртау қаласының Құрметті азаматы, Елбасының серіктесі Қуаныш Омашевқа бұйырды. Аймақ басшысы да ақжарма тілегін арнады.

Ерлан Қошанов, Қарағанды облысының әкімі:

Бүгін – ерекше күн. Құрметті форумға қатыстушылар, барлықтарыңызды осы үлкен мереке – Мемлекеттік Рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттік Рәміздер – кез келген елдің арман-мұратын айқындайтын ерекше белгі. Ал, біз үшін рәміздер жай ғана нышан емес, бабаларымыздың азаттыққа деген ұмтылысы, тәуелсіз ел боламын деген құлшынысы. Рәміздер – біздің мемлекетіміздің кешегі өткені, ертеңгі болашағы. Елбасымыз айтқандай, Тәуелсіздіктің қасиетті біріктірушісі. «Халықтың рухын көргің келсе – желбіреген туына қара, елдің ертеңін көргің келсе – елтаңбасына зер сал. Арман-асқарын көргің келсе – ұранын тыңда» деген. Мемлекетінің басты нышандарын жүрегіне басып, маңдайына тигізіп қадірлеген елдің еңсесі тік, рухы мықты болмақ. Ендеше, мемлекетіміздің рәміздерін құрметтеп, қастерлей білу – біздің парызымыз, басты міндетіміз. Ғасырдан ғасыр өтсе де нышандарымыздың мәңгілік болатынына сенімдіміз. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Форумға қатысуға келген әр түрлі ұлт өкілдері, мамандық иелері де өздерінің тілектерін білдіріп, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған ой-пікірлер аясында халыққа қызмет көрсетіп, болашағын жарқын етуге аянбай еңбек ететіндіктерін білдірді.

Айта кетер қуанышты жаңалық – Мемлекеттік Рәміздер күнінде «ЕХРО – 2017» көрмесін ұйымдастыруға ат салысу үшін қарағандылық жастар арасынан 250 ерікті Астана қаласына жол тартты.

Салтанат ИЛЬЯШОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button