Бас тақырып

Елімізде Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды

Қазақстанда атом саласын дамыту және ядролық қауіпсіздікті күшейту мақсатында Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды. Жаңа ведомство ел Президентіне тікелей бағынады және есеп береді. Агенттіктің басшысы болып Мемлекет басшысының Жарлығымен Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

bozyq.kz

Агенттіктің міндеттері:
Уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалану;
Атом энергиясын пайдалану және қауіпсіздік шаралары;
Халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Семей ядролық қауіпсіздік аймағының қызметін ұйымдастыру;

Агенттік жоғарыда аталған салалар бойынша Энергетика министрлігінен өкілеттіктерді қабылдайды. Сонымен қатар жаңа құрылым министрліктің құқықтық мирасқоры болып есептеледі.

Бұл өзгерістер Қазақстанның атом саласындағы басқару жүйесін жетілдіру және ядролық қауіпсіздікті арттыру мақсатында жасалып отыр.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button