Жаңалықтар

Елдос Сметов қола медальге ие болды

Жапония астанасы Токиодағы әлем чемпионатында қазақстандық Елдос Сметов дзюдодан қола медальге ие болды.

60 келі салмақта қос бірдей балуанымыз Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдеге таласты. Белдесу нәтижесінде Елдос вазари әдісімен жеңіске жетті. «Бұл белдесуде екеуміздің де деңгейіміз шамалас болды.

Екеуміз де артық кетіп, немесе кемшін түскен жоқпыз. Сәтін салып, жеңіс маған бұйырды. Медальді мен алсам да, Ғұсман алса да, қазақ елінің қоржынына түседі ғой. Біз – бір командамыз. Сол себепті, жеңіс те ортақ», – дейді Елдос. Айта кетелік, бұған дейін ол 2015 жылы өткен әлем чемпионатында топ жарып, 2016 жылғы Рио Олимпиадасында күміс жүлдегер атанған. Ал, Ғұсман Қырғызбаев әлем чемпионатының қорытындысы бойынша үздік бестікке енді.

Ал, жарыс кестесі бойынша қарағандылық балуандар Ислам Бозбаев 29 тамызда, Жансай Смағұл бүгін белдеспек.

Қасымхан ҒАЛЫМ

Басқа материалдар

Back to top button