Бас тақырып

«Елді сақтап қалу керек!»

Мемлекет басшысы, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Ұжымдық қауіпсіздік шарт туралы ұйымға мүше елдердің басшыларына жүгініп, Қазақстанға көмектесуді сұрады. «Елді сақтап қалу керек!» Президент Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізіп, осылай деді. Ұйымға Армения төрағалық етеді. Николь Пашинян өзінің «фейсбуктегі» парақшасында «Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі Қазақстан Республикасына шектеулі уақыт аралығына және ахуалды тұрақтандыру, қалыпқа келтіру мақсатында бітімгерлік күштерін жіберу туралы шешім қабылдады» деп хабарлады.

Құрметті жиынға қатысушылар! Қазақстан бойынша ахуалымыз – күрделі. Бұл белгілі. Сондықтан, шұғыл іс-шаралар қабылдауымыз керек. Бұл – өте қажет. Себебі, Қазақстанға шабуыл жасаған күштер, шын мәнінде, нағыз террористік күштер болып табылады. Соған байланысты біз контртеррор операциясын жүргізіп, оларға, террористерге қарсы тойтарыс беруіміз керек.

Мен контртеррористік штабты басқарамын. Терракт барысында нағыз террористтердің, бұзақылардың келтірген зиянының статистикасы бізге жақсы белгілі. Террористер қазіргі уақытта Алматыда, өзге де қалаларда бассыздық жасауда. Инфрақұрылым нысандарын басып алуда. Ең бастысы, атыс қару-жарақ орналасқан ғимараттарды басып алуда. Әскери училище курсанттарымен ұрыс жүргізуде. Қазіргі уақытта Алматының етегінде Қорғаныс министрлігінің әуе-десанттық бөлімшесімен ұрыс, қарсыласқан ұрыс өтіп жатыр. Сол себепті мен біздің тарапымыздан, аталған террористік топтың өз мәнінде халықаралық болып табылатындығын және олардың шетелде тиянақты дайындықтан өткендігін ескере отырып және олардың Қазақстанға қарсы шабуылын агрессия актісі деп қарастыру керек және солай қарастырылуы тиіс.Осыған байланысты ұжымдық қауіпсіздік шартына сүйеніп, мен бүгін ұжымдық қауіпсіздік ұйымына қатысушы мемлекеттердің басшыларына осы террористік қауіпті жеңуде Қазақстанға көмек беру туралы өтініш білдірдім. Шын мәнінде, бұл қауіп емес. Бұл – еліміздің, тұтастығына, менен Мемлекет басшысы ретінде дереу көмек көрсетуді сұраған біздің азаматтарымызға шабуыл. Азаматтарымыздың әл-ауқаты мен қауіпсіздігін, тыныштығын қорғау менің конституциялық міндетім. Сондықтан, Ұжымдық қауіпсіздік бойынша серіктестерімізге өтініш айту орынды, дер кезінде жасалды деп ойлаймын. Мен Қазақстан халқы бұл шешімді қолдайды деген ойдамын. Біз бірге болғанда ғана, сөз жоқ, жеңеміз. Террористік топтар, атап өткенімдей, ірі инфрақұрылым нысандарын басып алуда. Алматы шабуылға, қиратуға, вандализмге тап болды. Алматы тұрғындары зардап шегуде. Террористердің, бұзақылардың құрбанына айналды. Сондықтан, біздің мемлекетімізді сыртқы қауіптен қорғау үшін барлық мүмкін әрекеттерді қолдану біздің міндетіміз, осында қатысып отырған Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің барлық мүшесінің міндеті, деді Президент.

Қазақстан Республикасы азаматтарына үн қата отырып, Президент Қазақстан Республикасының азаматтарының өмірлік мүдделерін қорғау үшін Президент ретінде бар күш-жігерін салатынын мәлім етті.

«Бұл – мемлекет тарихындағы өте күрделі парақтар. Көптеген жайттар зерттеуді қажет етеді. Қалайша? Неге бұлай? Бірақ, қазір, ең бастысы, біздің азаматтарымызды, елімізді қорғау!» деді Президент.

Қызғалдақ АЙТЖАН.

Басқа материалдар

Back to top button