Жаңалықтар

Ел қорғаны

    Әскери қызметін өтеп жүрген  жауынгердің жанын оққа бермей, өз денесімен жауып аман алып қалған полковник Қайрат ҮМБЕТОВ – өткен жылы Елбасының қолынан «Халық қаһарманы» атағын алған болатын.

Қайрат Үмбетовке «Халық қаһарманы» атағы Отанға деген адал қызметі үшін берілді. 2016 жылдың 7-ші сәуірінде Қарағанды облысының Қарабас кентіндегі оқу-жаттығу орталығында жедел қызметтің жеке құрамымен бірге граната лақтыру барысында 6505 әскери бөлімінің бастығы Қайрат Үмбетов өз өмірін қатерге тіге отырып, жас жауынгерді өз денесімен қалқалап жапты. Сөйтіп, сарбазды өлімнен арашалап қалды. Ұлттық гвардияны мақтан тұтатын басшы құрамда білікті әскерилер қызмет атқаратынын айтады. «Отанға адал қызмет ету – әскери жауаптылықтан басталады. Әрбір офицер алдымен елінің тыныштығына және әрбір жауынгердің өміріне жауапты болуы тиіс», – дейді

Қайрат Жарылқасынұлы 38 жыл ғұмырының 21 жылын Отанға қызмет етуге арнап келеді.

Бұл – тұғырлы тәуелсіздігіміздің белгісіндей болған қазақ батырларының Отанды қорғауға мүлтіксіз дайын екендігінің айғағы. Әлбетте, «Батыр – елі үшін туады, елі үшін өледі».

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button