Байқау

Ел арасында – ерекше бәйге

Приозерск қалалық жастар ресурстық орталығы шаһар тұрғындары арасында «Таза қала» атты экологиялық байқау жариялады. Басты мақсат – қоршаған ортаны сақтау.

– Коронавирус пандемиясы кезінде оқшауланған қалалықтар үшін жағдай оңайға соқпай тұр. Осы індет атаулыны жою үшін тазалыққа жете мән беруіміз керек. Конкурс «Үздік кіреберіс», «Үлгілі үй», «Ынтымақты ұйымшыл үй», «Ең үздік жеке үй», «Үздік абаттандырылған мекеме», «Үздік абаттандырылған ШОБ нысаны», «Өз қолымен», «Мен таза қала үшін» номинациялары бойынша өтеді. Конкурсқа қатысу өтінімі Приозерск қаласының Жастар ресурстық орталығына тапсырылады, – деді қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Ұлан Алмас.

Айта кетейік, өтінімдерді қабылдау биылғы жылдың 16 тамызы мен 31 тамызына дейінгі аралықта мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Приозерск қаласы, Достық көшесі 23, 3 қабат. Байқау туралы толық ақпаратты 8(71039)53721 телефон нөміріне хабарласып білуге болады. Ұйымдастырушылар жеңімпаздарды 500 мың теңгеден басталатын сыйлықпен марапаттауға уəде беріп отыр.

Нұрдос КӘРІМ.

ПРИОЗЕРСК қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button