Ел алғысын арқалаған

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы 302 млн. теңгеге аудан бойынша 40 нысан жөндеу көрді. Соның ішінде, аудан орталығындағы Сүлейменовтер, Абай, Жеңіс, Асылбекова, Түсіпбекова, Нұрмағанбетұлы көшелері бойындағы автожолдардың ағымдағы жөндеу жұмыстары бар.

Бұл жұмыстарды «СтройКарагандаКZ» және «ДуманИнтерПроект» серіктестіктері атқаруда.

«ДуманИнтерПроект» мердігерінің еңбек алаңын басқарып жүрген бас шебер – Еркебұлан Маратхан.

2009 жылдан бері осы серіктестікте қызмет атқарамын. Басында қатардағы жұмысшы болып келген едім. Қазір, міне, 12 еңбек адамынан тұратын бригаданың жол жөндеу жұмыстарының шебері қызметіндемін. Негізі, республиканың түпкір-түпкірінде қызмет атқарамыз. Биылғы маусымда Нұра ауданына жол түсіп, жергілікті тұрғындардың алғысына бөленудеміз, – деді Еркебұлан.

Ол Қарағанды политехникалық колледжін тәмамдаған. 8 жыл бойы еліміздің өркендеу жолында аянбай еңбек етуде.

Мен бұл жұмысқа 20 жасқа толар-толмас шағымда орналастым. Өзім Абай ауданының азаматымын. Еңбекақымыз айына 100 мың теңгеден кем емес. Әр елді мекенде іссапармен жүреміз. Жататын орнымыз бен үш мезгіл тамағымыз да тегін, – деді жол маманы.

Сонымен қатар, облыстық бюджеттен бөлінген 12 млн. 500 мың теңгеге (3451,18 шаршы метр жол) Мыңбаев, Абай, Сейфуллин, Қонаев көшелерінде шұңқырларды жөндеу жұмыстарын да осы жылы Еркебұлан басқаратын бригада атқарды.

Тазагүл ПІШЕНБАЕВА.

НҰРА ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.