Жаңалықтар

Экс-шенеунік Қуандық Бишімбаев өз әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді

Астанадағы мейрамханалардың бірінде соққыға жығылған әйел адам қайтыс болды, деп хабарлайды ortalyq.kz Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Сурет: kapital.kz

– Бүгін Астанадағы Бау мейрамханасында 20:30 шамасында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жыққан. Әйел адам жедел жәрдем келгенше жан тапсырды. Қазіргі сәтте экс-шенеунік ұсталды. Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс жүргізіп жатыр.
Тәртіп сақшылары Қуандық Бишімбаевты ұстау кезінде ол өзіне пышақ салмақшы болған. Күдікті есірткіге масайған күйде болған болуы ықтимал, – деп хабарлайды Астана қаласының Полиция департаменті. 

Оқиға орнында Есіл ауданының ПБ және қаланың ПД тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына (Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) сәйкес, қылмыстық іске қатысты өзге ақпараттар жарияланбайды. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button