Жаңалықтар

Егіндібұлақтағы электр маманы

Күнделікті өмірде ең қажет маманның бірі электрик. Электр желілері үзіліп немесе өзге ақау шыққанда ауыл халқына көмекке келетін маманның бірі – Серғазы Мәжитов.

Ол Егіндібұлақ ауылындағы электр желісі мекемесінің аға диспетчері. Алғаш еңбек жолын 1984 жылы электр маманы бо[1]лып бастаған. Еңбекқорлығы мен іскерлігі арқасында 4-ші дәрежелі кәсіби маман атанады. Өз ісіне жауапкершілікпен қарағандықтан участок басшысы, бас инженер, мекеме басшысы қызметіне көтерілді.

Уақытпен санаспай, жемісті еңбек етіп жүрген Серғазы Мәжитов өңірге жоғары кернеулі электр желілері арқылы келетін тоқ күшінің жан-жаққа бірдей таралуын қамтамасыз етіп отыр. Түрлі оқыс оқиғалардан туындайтын желілердің үзілуі, бағандардың құлауы, КТП-лардағы авариялық жағдайларды, тоқ реттегіш трансформаторларды тексеру, қалпына келтіруде қалтқысыз қызмет көрсетуде. Жақында, еселі еңбегі еленіп, Қазақстан энергетиктері қауымдастығы одағының «Ардагер энергетик» төсбелгісімен марапатталды.

Дулат ЖҮНІСБЕКҰЛЫ.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button