Осакаров

Еңбегімен – еңселі

    Бүгінде ауданымызға аты кеңінен танымал азаматтың бірі – Мадат ИСАБЕКОВ. Шаруа қожалығының иесі ауылдағы тұрмысы төмен отбасыларға, қарттарға, мүгедектерге, көпбалалы отбасыларға қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, туған ауылын абаттандыруға белсене қатысуда. 

Ералы ауылында туған азамат 1977 жылы Озерный орта мектебін ойдағыдай аяқтап, азаматтық міндеті – Отан қорғау жолында әскер қатарына алынады.

Алғашқы еңбек тәжірибесін Қарағанды қалалық «Тихонов автобазасында» жүргізуші болып бастайды.

1986 жылдан бастап, өзінің туған ауылындағы «19 партсьезд» кеңшарында, қазіргі «Тоқсымақ» өндірістік кооперативінде көлік жүргізушісі бола жүріп, 1999 жылы Озерный селолық округіне қарасты Ералы ауылында шаруа қожалығын ашады.

Оның ұйымдастырушылық қабілеті мен қарымы, ой-өрісі мен іскерлігі, еңбекқорлығы мен талант-талабы қашаннан жоғары бағаланады. Қай істі болсын «ұршықша үйіріп» әкететін тындырымдылығы, тиянақтылығы мен ұқыптылығы өз алдына, жаңа заманға бейімделгіштігі мен ізденгіштігі де оның ел ортасындағы қадірін еселей түсердей. «Исабеков» ШҚ ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына және өркениетті жаңалықтарды ауыл шаруашылығына енгізу жолында еңбек етіп, сүбелі үлес қосып жүр.

Биылғы орақ науқанында қожалық 600 гектар бидай алқабының әр гектарынан орташа түсіммен 11,5 центнерден өнім жинап алды. 200 гектар алқапқа егілген арпадан да мол өнім түсті.

Шағын ғана ауылдан кәсіп көзін ашып, оны әрі қарай дамытып, ел ықыласына бөленіп отырған Мадат Төлеубекұлы қайырымдылық шараларға қатысып, жер үлескерлерін ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді. Жалпы, қожалықта 1650 гектар жер алқабы болса, соның 1574 гектары шабындық алқапты құрайды.

 

Сержан СМАХАНҰЛЫ.

ОСАКАРОВ ауданы.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button