Жаңалықтар

Қарағандыда «Қауіпсіз аула» шарасы өтті

Қарағанды қаласының Қазыбек би аудан әкімдігі аппаратының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында 45-орам аумағында «Қауіпсіз аула» профилактикалық іс-шарасы өтті.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру.

Іс-шара барысында тұрғындарға қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, аула аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша тәртіпті сақтаудағы азаматтардың жауапкершілігі түсіндірілді.

Сонымен қатар, тұрғындардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылының маңыздылығы атап өтіліп, құқық бұзушылықтар мен қауіпсіздікке қатер төндіретін жағдайлар туралы тиісті қызметтерге уақтылы хабарлау қажеттігі айтылды.

Мұндай профилактикалық шаралар қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға, тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыруға және қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, әр азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау және құрметтеу – қоғамдағы тұрақтылық пен өзара жауапкершіліктің маңызды негізі.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button