Бас тақырыпЖаңалықтарСпорт
Қарағандылық спортшы Азия ойындарында күміс медаль алды
Қарағанды облысының жеңіл атлеті Аделина Земс Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды.Бұл туралы Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.

Спортшы 400 метрге кедергілер арқылы жүгіру финалында қашықтықты 54,58 секундта бағындырды. Бұл — оның жаңа жеке рекорды.
Алтын жүлдеге Аделина Земске небәрі 0,27 секунд жетпеді. Бірінші орынды Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілі Мариам Карим 54,31 секунд нәтижесімен иеленіп, Азия ойындарының жаңа рекордын орнатты. Үшінші орынға Үндістан спортшысы Витья Рамрадж (54,75 секунд) тұрақтады.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



