Жаңалықтар

Дерек пен дәйек

Сурет el.kz

Биыл Қазақстанда мерзімді әскери қызметін өтеуге 42 мыңнан астам азамат шақырылды. Жасы 18-27 аралығындағы ер азаматтарды шақыру 30 маусымға дейін жалғасады.

***

Әскерге шақырудың көктемгі науқанына 20 мыңнан астам азамат іріктеліп алынады. Науқанда Қарулы күштер қатарын 10 мыңнан астам сарбаз, Ұлттық ұлан сапын 7 мыңнан астам сарбаз толықтырады.

***

Былтыр әскери борышын өтеуді кейінге қалдыру бойынша мемлекеттік қызметті 300 мыңға жуық адам пайдаланған. Әскери есепке жаңадан 160 мың адам алынған. Ал жалпы әскерден босату немесе қызмет өтеуді кейінге қалдыруға себеп болатын негіздер бойынша 360 мың азамат босатылған.

***

Әскери борышын өтеген соң оқуға түскендер саны наурызда 1 029 адамды құрады. Олар мерзімді әскери қызметте жүргенде жақсы жағынан танылған азаматтар. Мемлекет оларға грант арқылы білім алуға мүмкіндік жасаған. Одан бөлек, 17 мың жас сарбаз «кредиттік каникул» алған.

Дайындаған Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button