Жаңалықтар

Департаментте – жаңа басшы

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаменттің жаңа басшысы лауазымына Айгүл Бейбітбайқызы Байханова тағайындалды.

Айгүл Бейбітбайқызы Байханова 1973 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «қаржы және несие» мамандығы бойынша, Болашақ университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмәмдаған. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранты.

1992 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Еңбек жолын 1992 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданы бойынша Мемлекеттік салық инспекциясының маманы болып бастады. 1996 жылдан 2002 жылға дейін Қызылорда облыстық қазынашылық басқармасында әртүрлі лауазымдарда қызмет істеді. 2002 жылы Қызылорда облысы бойынша Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің қаржы мәселелері бойынша соттар әкімшісінің орынбасары болып тағайындалды. 2005-2007 жылдары Астана қаласы бойынша қаржы департаментінде, 2007-2009 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2009-2010 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті жиынтық-талдау бөлімінің бас сарапшысы, бас консультанты, 2010- 2016 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының әртүрлі лауазымдарында жұмыс істеді.

2016 жылдың қазан айынан осы қызметке тағайындалғанға дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы болды.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button