АймақБас тақырып

Денсаулық сақтау басқармасы: барлығы 13 кеншіге медициналық көмек қажет

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының 18 тамыздағы мәліметінше, «Қазақстан» шахтасындағы өрттен зардап шеккен 11 кенші емдеу мекемелерінде жатыр. Олардың 2-еуі үй жағдайында амбулаторлық бақылауда. Барлығы 13 кеншіге медициналық көмек қажет.

–  17 тамызда «Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханасына» 9 шахтер жеткізілді. Олардың екеуі реанимациядан токсикология бөліміне ауыстырылды. Жағдайлары ауырлау. Пациенттер саналы. Ауырлығы жедел интоксикация синдромы мен энцефалопатияға, гемодинамиканың тұрақсыздығына, уланудың токсикогендік кезеңіне байланысты. Гемодинамикалық көрсеткіштер тұрақты.
Қалған 7 адам токсикология бөлімінде. Орташа ауырлық дәрежесі, бірқалыпты. Пациенттер саналы. Ауырлығы жедел интоксикация синдромы мен энцефалопатияға байланысты. Гемодинамикалық көрсеткіштер тұрақты. Сонымен қатар, Шахтинск қаласының орталық ауруханасының терапевтік бөлімшесіне төрт зардап шеккен адам келіп түсті, олардың біреуі ауруханаға жатқызудан бас тартты (амбулаториялық емдеуге жіберілді). Қалғандарының жағдайы орташа ауырлық дәрежесі ретінде бағаланады.
18 тамыздағы жағдай бойынша аймақтың медициналық мекемелерінде зардап шеккен 13 кенші бар,-делінген хабарламада.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button