Спорт

Дариғаның додада десі басым

Бойжеткен боксшымыз Дариға ШӘКІМОВА елге алқа тағып оралмақ. Бірақ, ол қандай сападағы алқа болары белгісіз. Бізге мәлімі – қола қызымыздың қолында.

Дариға Шәкімова Риодағы Олимпиадада 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетуде. Ширек финалда марокколық Хадиджа Мардимен шаршы алаңда кездесті.

Сарапшылар «Марокконың өкілі жеңіске жетеді» деп болжам құрып еді. Алайда, Дариға жауырын қарап, бал ашқан сәуегейсымақтардың ұйғарымын жоққа шығарды.

Қарсыласын үш раунд бойы төпелей ұрған Дариғамыз жарады. Үш раундта да төрешілер «Дариға жеңді» деп таныды.

 Жартылай финалда Дариға Лондон Олимпиадасының чемпионы, американдық Кларесса Шилдспен қолғап түйістіреді. Бұл кездесу Астана уақыты бойынша 20 тамызда 00.30-да көрсетіледі.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button