Бас тақырыпТеміртау

“Даңқ аллеясы – 2019” еңбеккерге құрмет

Металлургтердің мерейлі мерекесінде Теміртау қаласының әкімдігі мен «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы 60 өндіріс озатын қатыстыра отырып, «Даңқ аллеясы-2019» жобасының салтанатты ашылу рәсімін өткізуді іс-шаралар жоспарына енгізді.

Үздік еңбеккерлерге риясыз құрмет көрсетуді көздеген осындай шуақты шараны басты өзегі етіп алған мерекелік бағдарламалар апта бойы үздіксіз ұйымдастырылмақшы.

Жүйелі жоспар аясында компания қызметкерлерінің отбасына арналған «Әкемнің жұмысына!» атты өндірістік экскурсиялар ұйымдастыру, өзгелерге өз еңбегімен өнеге көрсеткен майталмандарға «Еңбек даңқы» төсбелгілерін тапсыру, қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі, балғындар арасындағы «Әрқашан домна болсын!» асфальтқа сурет салу байқауы, бұқаралық ойынсауық шаралары мен мерекелік концерттер өткізу қамтылған.

Мерекелік реңдегі аптаның соңғы күні парашютистердің секіруі ел назарына ұсынылып, қаланың шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді. Кештің ең маңызды оқиғасы Dschinghis Khan тобының концерттік бағдарламасы болады деп күтілуде.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТ.

ТЕМІРТАУ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button