АймақШахтинск

Дұрыс таңдалған мамандық – болашақтың жарқын кепілі

Шахтинск қаласында жасөспірімдер әртүрлі мамандықтарда өздерің сынап көруге мүмкіндік беретін бірнеше жоба жүзеге асырылуда.

Суреттер: облыс әкімдігінің сайтынан

2021 жылдан бастап Оқушылар сарайының базасында Кәсіптік құзыреттілік және Мансап орталығы жұмыс істейді. Орталық жұмысы балаларға болашақта мамандық өкілдерімен әңгімелесе отырып, болашақ кәсіптерін дұрыс таңдауға, оқу орындары мен кәсіпорындарға баруға мүмкіндік беретін орын.

Оқушылар сарайында барлығы 11 бағыт бойынша 145 үйірме жұмыс істейді. Үйірмеге 4-18 жас аралығындағы екі мыңнан астам бала қатысады.

– Біз балалардың болашақ кәсібі туралы көбірек біліп қана қоймай, өздерін сынап көруіне жағдай жасауға тырысамыз. Кәсіптік бағдарлау жұмысы диагностикадан, психологтармен әңгімелесуден, кәсіби сынақтардан және сарапшылармен кездесуден тұрады, – дейді орталықтың меңгерушісі Мария Морозова.

«Болашақты таңдау» жобасы аясында 10-11 сынып оқушылары «Авто дәрістер», «Шаштараз-визажист», «Тамақ дайындау технологиясы», «Медициналық білім негіздері» және басқа да бағыттармен айналыса отырып, өздерінің кәсіби қызығушылықтары мен дағдыларын дамыта алады. 

Екі жыл бойы оқушылар теориялық білім алып қана қоймай, шеберлік сабақтарына, кәсіпорындарға экскурсияларға да қатысады. Шахтинск қаласының 600-ден астам оқушысы осы үйірмелерге қатысады.

Орталықтағы сабақтардан басқа, жоғары сынып оқушылары Қарағандының жетекші оқу орындарымен бірлесіп ұйымдастырылған бейіндік үйірмелерге өз қалаулары бойынша қатысады. Қарағанды медициналық университетімен бірлесіп, «Стоматология негіздері», «Жалпы хирургия» және «Жас криминалист» үйірмелері, ал Қарағанды политехникалық университетімен бірлесіп, «Сәулет және дизайн» үйірмелері ашылды.

Оқушылар арасында «Медициналық сынып» және «Педагогикалық сынып» жобалары көбірек қызығушылық тудырады. Себебі, оларға медицина мен педагогика саласында базалық білім алуға ғана емес, сонымен қатар практикалық дайындықтан өтуге, экскурсияларға қатысуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, оқушылар сарайында цифрлық және тұрмыстық техниканы жөндеу, аяқ киім ісі, автомеханика және т.б. жаңа бағыттарды ашу жоспарланған.

Рузана ҚУАНЫШҚЫЗЫ, 

  Е.Бөкетов атындағы

Қарағанды зерттеу университетінің IV курс студенті

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button