Бас тақырыпОблыс әкімі

Дәрігерлер баспанамен қамтылады

Келесі жылы облыста 350 жас дәрігер баспана алады. Яғни, Қазақстандық ипотекалық компаниямен арадағы меморандум аясында Қарағандыда 200 дәрігер баспаналы болса, облыстың қалалары мен аудандарында 150 дәрігер ведомстволық пәтерге ие болады. Аталған шаралар өңірдегі маман тапшылығын жоюға септігін тигізеді деп күтілуде. Бұл туралы облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Елордада өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Сондай-ақ, облыстың денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағдарламасы бойынша 11 келісімшартқа қол қойды. Сәйкесінше, алдағы жылы Балқаш қаласында емхана құрылысы басталып, Теміртау мен Қарағандыда балаларға арналған оңалту орталықтары ашылады. Ұлытау кентінде облыстық онкодиспансердің операциялықреанимациялық блогын, жаңа аудандық аурухана тұрғызу жоспарлануда. Жастар денсаулық орталығы мен бірқатар ауылдық жерлерде денсаулық сақтау нысандары ашылады

Жеңіс Қасымбек міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша пилоттық жобаның қорытындысына тоқталды. Жоба биыл 1 қыркүйекте бастау алды. Осы уақытта облыста 3,7 млрд. теңгеге 30 жоба жүзеге асырылды. Қадамдық қолжетімділік қағидаты бойынша 7 емхана, жылына 6 мың пациентке қызмет көрсетуге қауқарлы 8 оңалту орталығы ашылды.

Жеке инвестицияларды тарту арқылы заманауи диагностикалық кабинеттер қолданысқа берілді. Егер, 2017 жылдың басында облыста 10 компьютерлік және магниттік-резонанстық томография кабинеті жұмыс істесе, қазір олардың саны 26- ға жетті.

 Аймақта МӘМС қолданысқа енгелі қымбат диагностикалық зерттеулер көлемі үш есе өсті. Сонымен қатар, оңалту көмегіне жүгінушілер саны 1,5 есе, консультациялық-диагностикалық қызметтер саны 2 есе артты. Бұл зерттеулер тұрғындар үшін тегін жүргізіледі. Ақысын Міндетті медициналық сақтандыру қоры төлейді.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button