Дүниежүзілік тазалық күні: қарағандылықтарды акцияға қатысуға шақырады
16 қыркүйекте Қазақстан Республикасының экология, және табиғи ресурстар министрлігі еліміздің барлық өңірлерінде «World Cleanup day 2023» Дүниежүзілік акциясын («Дүниежүзілік тазалық күні») өткізуді жоспарлап отыр.
Қазақстанның Дүниежүзілік акцияға қатысуы Қазақстанды «Жасыл» экономика қағидатын іске асыратын және 2030 орнықты даму мақсаттарына қол жеткізетін жаһандық әлемдік Экологиялық акциялардың қатысушысы ретінде көрсетуге мүмкіндік береді.
Қарағанды, Теміртау және Қарқаралы ауданында 16 қыркүйекте Дүниежүзілік тазалық күніне (World Cleanup Day) орайластырылған жаппай сенбіліктер мен эко-шаралар өтеді. Акция табиғатты сақтау мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына жұртшылықтың назарын аударуға бағытталған.
Қарағандыда тазалық күніне қосылуға ниет білдірушілерді сағат 10.00-де каскад субұрқағында (Бұқар жырау даңғылы, 47) күтеді. Автобус еріктілерді ескі әуежай ауданындағы алаңға апарады (Гудермесская көшесі, 104/1). Бұл аймақта демалушылар мен жақын маңдағы үйлердің тұрғындары қалдырған қоқыстар жиналған.
Қарқаралы ауданында Теміртау мектептерінің жас эковолонтерлеріне «Жосалы» шипажайының маңындағы орман екпелерін тазалау міндеті тұр. Бұл жер көптеген қарағандылықтарға белгілі. Мұнда демалуға және денсаулықты жақсартуға келеді. Бірақ, өкінішке орай, демалушылардан кейін көптеген қоқыстар қалады. Егер санаторий аумағында ол үнемі тазаланып тұрса, орман екпелері мен далаларда жылдар бойы қоқыс жатады.
Экобелсенділер облыстың басқа тұрғындарын «Дүниежүзілік тазалық күні» акциясына қосылуға және өз елді мекендерінде сенбіліктер өткізуге шақырады.
Дүниежүзілік тазалық күні – миллиондаған еріктілерді өз қалаларын, ауылдарын және т.б. қоқыстардан тазарту үшін біріктіретін ең үлкен халықаралық қоғамдық акция. Шара 2008 жылы Эстонияда «Жасаймыз» (Let’sDoit!) және 50 мың ерікті 5 сағат ішінде елді 10 мың тонна қоқыстан тазартқан кезде пайда болған. Бірнеше жыл өткен соң жүргізілген мониторинг жаппай тазалаудан кейін аумақтардың ластануы 75%-ға төмендегенін көрсетті.
Акция халықаралық мәртебеге ие болды және қыркүйектің әр үшінші сенбісінде тұрақты түрде өткізіле бастады. Қатысушылар халықаралық порталда тіркеледі (https://www.worldcleanupday.org/).
Осы жылдар ішінде акцияға 50 миллионнан астам адам қатысты. Биылғы жылы тазалауға 197-ден астам ел мен 71 миллион ерікті қатысады деп күтілуде.
Осыған орай, барлықтарыңызды сенбілікке бірге шығып, бір күн бірге тазалық жүргізуге шақырамыз!
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz