Чехия үздік технологияларын ұсынады

      Чехия Республикасы Парламенті депутаттарының делегациясы «ЭКСПО – 2017» нысандары мен ұйымдастыру кеңсесін аралап көрді. Іссапар барысында Астанадағы ауқымды іс-шараға Чехия Президенті келетіні мәлім болды.

 

Сондай-ақ, «Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясының Бас­қар­ма Төрағасы Ахметжан Есімов Чехия Депутаттар Палатасының Төр­ағасы Ян Гамачекпен кездесті.

Кездесуде екі тарап «ЭКСПО – 2017» көрмесіне қатысты мәселелер­ді талқылады.

Ян Гамачек жаңа қуат көздерін қолдайтын мемлекет ретінде Чехия үшін «ЭКСПО – 2017» көрмесіне қатысу маңызды екенін айтты.

Сонымен қатар, ол көрменің ашы­луына Чехия Президенті қатысатындығын да айтты. Көрмеде чехтар өздерінің баламалы энергия көздерін пайдалану саласындағы ең озық заманауи технологияларын көрсетпек.

Басқосуда Чехия депутаттары өз­дерін қызықтырған сұрақтарды да қойды. Мәселен, Збынек Станюра көрмеге әзірлік барысында ашылған жұмыс орындарының санын сұрады. Ұлттық компанияның директоры бұл дағдарысқа қарсы жоба екенін атап өтті. Сондай-ақ, 50 мыңға жуық жұмыс орыны ашылғанына тоқталды.

Кездесу соңында Чехия мемлекетінің депутаттары көрме кезінде өтетін Чехия Республикасының ұлттық күніне келетіндіктерін айтты.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.