Жаңалықтар

Биыл Қарағандыда 100 аула жөнделеді

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов аулаларды абаттандыру сапасын бақылауды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ тұрғындарға жұмыс жоспары туралы хабарлау керектігін де атап өтті.


– Қазір әлеуметтік желілерде аула жағдайына шағымдардың саны көбейгенін байқаймын. Соңғы 10 күнде бұл тақырып бойынша 40-қа жуық жарияланым жазылды. Бір ай бұрын көп шағымданатын мәселелер тізімінде жолдарға қатысты сұрақ көшбастап тұрған еді. Қазір адамдар жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын көруде. Сондықтан болар, халық жолдар туралы аз жаза бастады. Енді тұрғындар аулаларға назар аударып, ондағы қоқыстар, жарық пен ойын алаңдарының жоқтығына шағымдануда, – деді Ерлан Қошанов аппарат кеңесінде. 
Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров аула аумақтарын абаттандыру бойынша үш жылдық жоспардың іске асырылуы туралы баяндады. Биыл тағы 100 аула, 2020-шы жылы 123 аулада жөндеу жоспарланған, деп мәлімдеді ол. Осылайша, келесі жылдың соңына қарай Қарағандыда барлық аулалар ретке келтірілуі тиіс.
Осы жылы жұмыс атқаратын мердігерлер анықталды. Абаттандырудың бірінші кезеңінде асфальттау, жарықтандыру, жиек тастар, орындықтар, қоқыс жәшіктері орнатылады, деп түсіндірді қала әкімі. Ал екінші кезең, 2020 жылдан кейін басталады. Ол кезде аулаларда балалар мен спорт алаңдарын орнату жоспарлануда.

Басқа материалдар

Back to top button