Бір күнде – екі кәсіпорын

    Жезқазған қаласында «25 жұлдызды күн» кешенді бағдарламасына сәйкес, «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында бір күнде кондитер өнімдерін өндіретін екі цехтың тұсауы кесілді. Бұл – металлургтер мекенінде шағын және орта кәсіпкерліктің тынысы кеңейе түскендігінің айғағы.

    Тұрғындардың күн санап өсе түскен сұранысын қанағаттандыру мақсатында ашылған кәсіпорындардың алғашқысын іске қосушы – «Төлеуов» жеке кәсіпкерлігі. Бұқара халыққа іс­керлігімен танымал Сәкен Тө­леуов енді Жезқазған, Сәтбаев қалалары және Ұлытау ауданындағы тұтынушыларды сапалы кондитер өнімдерімен қамтамасыз ететін болады. Мем­лекет тарапынан нақты қолдау тапқан цехта 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Мұнда жоспар бойынша жылына 300 тонна тәтті-дәмділер өндірілмекші.

    Ал, ел игілігі жолында еңбек етуді мұрат тұтқан екінші кәсіп­орынның иегері Қарлығаш Әуелбекованың осы саладағы кәсіппен тынбай шұғылданғанына 10 жылдан асқан екен. Бизнестің қыр-сырын жетік меңгерген білікті жанның «Тәтті» торттар дүкені жезқазғандық қауымға жақсы таныс. Қолданысқа енді ғана ен­гізілген жаңа цехта 20 адам тұ­рақты еңбек етеді.

    Шағын кәсіпорындардың ашылу салтанатына қатысқан қала әкімінің орынбасары Аман­ғали Мұхамбедин жарасымды рәсімге қатысушы халықты, кәсіпкерлер мен кәсіпорындар ұжымдарын ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі тойымен құттықтап, іс-әрекеттеріне береке тіледі.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ

ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.