Жезқазған

Берекелі күз думаны

    Жезқазған қаласындағы Қабден Шыңғысов атындағы №5 орта мектеп жанындағы «Балдәурен» шағын орталығында дәстүрлi «Алтын күз»  атты  мерекелік іс-шара өтті.

Мектеп директоры Бақыт Битенова мерекелік іс-шараның ашылу салтанатымен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Мерекелік думанның негізгі мақсаты – күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру, күз өнімдерімен таныстыру және олардың ағзаға пайдасын түсіндіру болып табылады.

Сонымен қатар, балаларды ән салуға, би билеуге баулу, шығармашылық ой-қиялдарының дамуына ықпал ету де іс-шараның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Шарада бүлдіршіндер ән айтып, би билеп, көңілдерін көтерді. Мерекелік кеш көтеріңкі көңіл күймен өтті.

Қарақат БАЛТАШ,

Қабден Шыңғысов атындағы №5 орта мектеп тәрбиешісі.

ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button