Мәслихат сайлауына 10 971 кандидат тіркелді
Қазақстанда мәслихат депутаттарын сайлауға қатысатын кандидаттарды тіркеу аяқталды. 1 қараша сағат 18:00-дегі мәлімет бойынша, ел бойынша 10 971 кандидат тіркеуден өткен. Бірмандаттық округтерде бір орынға орта есеппен үш үміткерден келеді, деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясы.

Өңірлік сайлау комиссиялары тіркеу қорытындысын жариялады. Онда бірмандаттық округтер мен партиялық тізімдерге енгізілген кандидаттар, сондай-ақ сайлауға қатысудан бас тартқандар мен тіркеуден өтпегендер туралы мәлімет берілді.
Бірмандаттық округтерде 9 752 кандидат бар
Ел аумағында 3 113 бірмандаттық сайлау округі құрылған. Оларға 9 752 кандидат тіркелді. Осылайша, бір депутаттық орынға орта есеппен үш адамнан үміткер болып отыр.
Ақмола облысында барлық деңгейдегі мәслихаттарға 763 кандидат тіркелген. Қостанай облысында бұл көрсеткіш – 745, Павлодар облысында – 529. Қызылорда облысында 409, ал Шығыс Қазақстан облысында 549 кандидат сайлауға қатысады. Маңғыстау облысында бірмандаттық округтер бойынша 369 үміткер тіркеуден өткен.
Партиялық тізімдерге 1 219 кандидат енгізілді
Елдің 20 өңірінде саяси партиялардың 99 тізімі тіркелген. Оларға 1 219 кандидат енгізілді. Оның 527-сі немесе 43,2 пайызы квота талаптарына сәйкес келеді.
Астанада қалалық мәслихат сайлауына жеті партия қатысады. Олардың тізіміне 101 кандидат енгізілген. Шымкентте бес партия 58 үміткер ұсынған.
Жамбыл облысында бес партияның тізіміне 76 кандидат кірді. Оның 41-і әйелдер мен жастар. Қарағанды облысында алты партияның 81 кандидаты тіркелген. Павлодар облысында бес партиядан 64, Қостанай облысында бес партиядан 62 үміткер сайлауға қатысады.
Кейбір кандидаттар сайлаудан бас тартты
Тіркеу кезеңінде бірқатар кандидат өз өтінішімен сайлауға қатысудан бас тартқан. Сонымен қатар құжаттарын толық тапсырмаған немесе заң талаптарына сәйкес келмеген азаматтар тіркеуден өтпеді.
Абай облысында 76 кандидат өз кандидатурасын кері қайтарып алған. Ақмола облысында мұндай өтініш 26 адамнан түсті. Павлодар облысында 42 кандидат сайлауға қатысудан бас тартса, тағы 18-і қажетті құжаттарды ұсынбаған.
Қызылорда облысында 15, Шығыс Қазақстан облысында 13 кандидат өз кандидатурасын қайтарып алды. Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында бұл көрсеткіш 24 адамнан болды.
Партиялық тізімдерге қатысты да өзгерістер бар
Кейбір өңірлерде партиялық тізімдер толық тіркелмеген немесе кері қайтарылған. Мәселен, Абай облысында алты партияның бесеуі ғана тіркеуден өтті. «Байтақ» партиясының тізімін комиссия тіркеуден бас тартқан.
Шығыс Қазақстан облысында төрт партияның бірі өз тізімін кері қайтарып алды. Ал Атырау облысында «Respublica» партиясының бір кандидаты өтініші бойынша тізімнен шығарылған.
Сайлау комиссияларына өтініштер түсті
Тіркеу кезеңінде өңірлік комиссияларға азаматтар мен ұйымдардан өтініштер де келіп түскен. Астанада тоғыз өтініш тіркеліп, барлығына жауап берілген. Ақмола облысында бес өтініштің үшеуі қаралып, екеуі бойынша жұмыс жалғасқан.
Жамбыл облысында түскен үш өтініштің барлығы қаралған. Ал Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарында тіркеу кезеңінде өтініштер болмаған.
Сайлау комиссиялары кандидаттарды тіркеу және өзге де сайлау шаралары Конституциялық заң мен күнтізбелік жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Қазақстанда мәслихат депутаттарын сайлауға қатысатын кандидаттарды тіркеу аяқталды. 1 қараша сағат 18:00-дегі мәлімет бойынша, ел бойынша 10 971 кандидат тіркеуден өткен. Бірмандаттық округтерде бір орынға орта есеппен үш үміткерден келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өңірлік сайлау комиссиялары тіркеу қорытындысын жариялады. Онда бірмандаттық округтер мен партиялық тізімдерге енгізілген кандидаттар, сондай-ақ сайлауға қатысудан бас тартқандар мен тіркеуден өтпегендер туралы мәлімет берілді.
Бірмандаттық округтерде 9 752 кандидат бар
Ел аумағында 3 113 бірмандаттық сайлау округі құрылған. Оларға 9 752 кандидат тіркелді. Осылайша, бір депутаттық орынға орта есеппен үш адамнан үміткер болып отыр.
Ақмола облысында барлық деңгейдегі мәслихаттарға 763 кандидат тіркелген. Қостанай облысында бұл көрсеткіш – 745, Павлодар облысында – 529. Қызылорда облысында 409, ал Шығыс Қазақстан облысында 549 кандидат сайлауға қатысады. Маңғыстау облысында бірмандаттық округтер бойынша 369 үміткер тіркеуден өткен.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



