Жаңалықтар

Бекзада болмысты арда азамат

Қаздауысты Қазыбек бабамыз: «Ерден ердің несі артық, ептестірген сөзі артық Жерден жердің несі артық, бір-ақ уыс шөбі артық» деген болса, тегеурінді тектіліктің жалғасы қай заманда да өз тұлғаларын туғызып, тарих тынысына өз үлесін қосып отыратыны белгілі. Сол қатарда арда азамат, бүгінгі әңгіме арқауы, бекзада болмыс иесі, қарымды қаламгер, жалынды журналист елімізде сол кезеңде жаңа қалыптасып жатқан аударма өнерінің бастауында тұрған тума талант, өткір талғам иесі, сырбаз азамат Қайыркен САҒЫНДЫҚОВ бар еді.

Еңселі Едірей тауының ық бауырындағы Қызылшоқы түбінде 1938 жылы дүниеге келген Қайыркен ағамыз тірі болғанда сексен жасқа келер еді. Ел жаңа ес жия бастаған елуінші жылдардың басында өз талабымен арман қуып, елдің бұрынғы астанасы Алматыға аттанып, КазГУ-дың филология факультетіне оқуға түскен еді.

Қайрекең ағамыздың әкесі Сағындық атамыз жүйелі сөз білетін, жобалы жөн айтар, артында сөзі қалған қария болғанын үлкендер айтып отырушы еді. Сарыарқа төсінің нәр тамырының бірі – Түндікті өзені жайшылықта жаяулап аққанымен, қар суымен тасығанда күш көрсететін. Осы өзен тасыған уақытта оны өгіз арбамен кешуге тура келген бірнеше адам «аллалап», әупірімдеп жатса керек. Сонда тілге жүйрік Сағындық атамыз «опыраңда, ой Түндік, апыраңда әй Түндік, бәрібір Ертіс болмайсың, бұл тірлігің бір күндік» деп зәресі ұшқандарға басу айтып, әрең ес жиғызған екен.

Өнегелі ортада тәрбиеленіп, ерекше талғаммен өскен Қайыркен ағамыз жоғары оқу орнынан өзінің лайықты орнын тапты. Қарымды қабілетімен елеулі де қалаулы болды. Қатарластары – белгілі Әбиболла Ахметов, Ибрагим Шынызбаев, Бекмырза Баймаханов, қазақ әдебиеті тарихының білгірі, белгілі ғалым Темірбек Қожекеев, замандасы Камал Әлемдегі «фашизм» езгісіне қарсы соғысқа қатысқан ағалардың біреуі емес-ау, бірегейі болған менің немере ағам, Ұлы Отан соғысының ардагері – Зұлқарнайын Әбішев. Ол – Қарқаралы жерінің тумасы, қазақтың ұшқыш қырандары ретінде соғысқа қатысқан. Зұлқарнайын ағайым жастайынан ұшқыр ойлы, өте сезімтал, зерек, сөзге шебер, газет-кітапты көп оқитын, дарынды, сымбатты, көрікті болатын. Өзіміздің Қарағанды қаласындағы №7 Жамбыл атындағы орта мектепті үздік бітіріп, екі жылдық мұғалімдер институтына түсіп, оны да үздік бағамен бітірген. Ақмола облысының бір ауданында алғашында мұғалім, кейін сол мектептің директоры болып жүргенде Ұлы Отан соғысы басталады. Ел басына күн туғанда өзі тіленіп соғысқа аттанады. Зеректігінің, білімділігінің және денсаулығының арқасында әскери комиссияның іріктеуінен, емтиханнан мүдірмей өтіп, Ташкенттің ұшқыштар дайындалатын мектебін жедел бітіріп шығады. Жан берісіп, жан алысқан «Әуе» соғыстарына қатысып, қазақтан шыққан ұшқышштурман Зұлқарнайын Әбішев талай жеңістерге жетеді. Алланың берген қуатымен жауды жеңіп, соғыс біткенде елге оралады. Келгеннен кейін өскен жері, кеншілер қаласы Қарағандыда бейбіт өмірге араласады. «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас» газеттерінің меншікті тілшісі, радиоком журналисі болып, күллі күш-жігерін тілшілікке арнайды. Көп жылдар редакцияда, радиокомда қажырлы еңбек етеді. Екі рет шаңырақ құрса да, ағайдан ұрпақ болған жоқ. Шығармашылық адамдарының жүрегі сезімтал болады, ұрпағының болмағанын көп уайымдағаннан дертке шалдығып, өмірден ерте озды. Марқұм Қарағандының «Костенко» шахтасы жанындағы №1 үлкен қорымда жерленген. Зәкен ӘБІШЕВ, еңбек ардагері, зейнеткер. Суретте: сол жақтан (төменгі қатарда) Зұлқарнайын Әбішұлы. Ерлік – елге мұра ҚарМУ Журналистика кафедрасына – 25 жыл Аяулым СОВЕТ, «Орталық Қазақстан» Ал, аталған университетті журналист мамандығы бойынша бітірген Қуаныш Сұлтанұлы – тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрі. Оған қоса, Министр Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы болды. Журналистикадан мемлекеттік қызметке араласты. Мұны біреу білсе, көбі білмейді. Жоғарыда атап өткен мәртебелі мамандықтың иелеріне Шерхан Мұртаза «Журналистер атан түйе секілді. Арқалағаны алтын болғанымен, жегені жантақ» деп баға берген екен. Қағаз бен қаламды серік еткендерге осының өзі жеткілікті. Ал, біз Ебіней Бөкетов атындағы ҚарМУдың 2014 жылғы түлегіміз. ҚазМУ-дың журналистикасы – ҚарМУ-дағы біз оқыған кафедраның ашылуына мұрындық болды. Тыныстіршілігі тығыз байланыста өрбіді. Әуел баста Қазақстанда журналистика мамандығын даярлайтын жалғыз оқу орны болғаны белгілі. Ол Алматыдағы С. Киров атындағы ҚазМУ-дің «журналистика» факультеті болатын.1993 жылы тәуелсіз қазақ елінде Алматының ҚазМУ-ынан кейінгі екінші «журналистика» мамандығын даярлау бөлімі Ебіней Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың шаңырағында ашылды. Университеттегі «журналистика» кафедрасының ашылуына бастамашы болған Зарқын Тайшыбай болатын. Бұл бастаманы университеттің сол жылдардағы ректоры, профессор Жамбыл Ақылбаев қолдады. Бұл туралы Зарқын Сыздықұлы кафедраның 20 жылдық тойында атап өткен. «…Көктемнің бір сәтті күні өзімнің «Орталық Қазақстанымды» сағынып, редакция жігіттерімен кездесіп, аудармашы деген мамандықты ашқанымды, ректордың түсінгенін әңгімелеп бердім. «Амандық болса, таяу жылдары журналистиканы ашсақ тіпті, жақсы болар еді» деп қоямын. Сол-ақ екен, журналистер қолдай жөнелді. «Не кешіктіретіні бар, биыл ашу керек, бүкіл орталық, солтүстік пен шығыс, батыс аймақтарда журналистер жетіспейді…» десін әріптестерім. Сол жерде келістік. Әуелі облыстық газетке осыны мәселе етіп көтердік, өзім ректорға ұсыныс түсірейін. 1993 жылдың 4 мамырында «Орталық Қазақстан» газетінің бетінде «Журналистер азайып бара жатыр» (№78 (17654) деген проблемалық мақала жарқ ете түсті. Ертеңінде мен университет ректоры Жамбыл Ақылбаевтың қабылдауында отырдым» дегені бар. Зарқын Сыздықұлы «Журналистика деген әлеуметтік-саяси бағыттағы ерекше мамандық, оны тіл-әдебиетке байлау дұрыс болмайды. Жеке бөлімше болғаны дұрыс» деп ректорды сендірген екен. Содан бері 25 жыл өтті. Бұл орайда, осынау ұжымның әр жылдардағы шежіресіне ой жүгірткен жөн. Әсіресе, шәкірттерінің есінде мәңгі қалған, бұл күнде арамызда жоқ ардақты ұстаздар Кәрім Сауғабаев, Дәулетбек Мақашов, Сағатбек Мұғалімжанұлы, Берік Қойшығарин, Мартбек Тоқмырзаның есімдерін атап өткен жөн. Кейінгі буынға дәріс оқыған профессор Қойлыбай Асанов, Вера Әбішева да кафедрада журналистика бакалавриатын даярлаумен шектелмеді. Жаңадан «Қоғаммен байланыс» мамандығын ашып, көкжиегін одан әрі кеңейте түсті. Кафедра ашылғалы үзіліссіз қызмет атқарып келе жатқан Вера Төкенова: «Темірбек Қожакеевтен диплом қорғадық. Марат Барманқұловтың дәрісін тыңдадық. Журналистиканың майталмандары бастаған жолды жалғадық. Кафедра қазақ, орыс тіліндегі журналист мамандарды дайындап қана қоймай, журналистерге ғылыммен айналысуға мол мүмкіндік берді. Кафедра 2012 жылдан бастап журналистика магистрлерін оқыта бастады», – дейді. Қазіргі таңда кафедрада екі ғылым докторы, сондай-ақ, ғылым кандидаттары мен магистрлер қатары көп. Бұл орайда, республикалық, облыстық, аймақтық деңгейдегі түрлі ақпарат көздерінде қызмет жасап жүрген түлектерін назардан тыс қалдырмайтынын айтады кафедра ұжымы. ҚарМУ-дың негізін қалаған Ебіней Бөкетов «Шығармашылық еңбегiңiздiң ерекшелiктерi туралы не айтасыз?» дегенде, – Ерекшелiкке ненi даралап айту керек, бiлмеймiн. Ең алдымен өзiңдi қиын жұмысқа жегудiң қажеттiгi сөзсiз. Күн сайын, таңғы сағат 6.00 мен 8.00 аралығында ештеңеге алаңдамай, екi сағат берiле жұмыс iстеймiн. Бұлар ендi мен үшiн ең өнiмдi, ең нәтижелi уақыт. Бұрқыратып көп-ақ жазамын, бiрақ, содан түзеткенде – бiр-ақ бет қалады, – деп қысқа қайырыпты. Академик айтпақшы, қызығы мен қиындығы қатар жүретін журналистика – ерекше әрі жанкешті мамандық. Кірпияз мамандық қызығушылығы жоқтарды өзіне жақындатпайды. Кейде, бір-ақ бет материал үшін жанталас. Солай бола тұра, аталмыш салада жүргелі «мамандығымды сүймеймін» деген журналисті кездестірген емеспін. Журналистика – сондығымен ерекше. Журналист-публицист Қайыркен САҒЫНДЫҚОВТЫҢ туғанына – 80 жыл Смаилов, жақын досы, ғалым, жүйрік жорналшы Әбілфайыз Ыдырысов. Кілең жарық жұлдыздар шоғыры деу орынды болар

Иә, қашанда ел мен жер тарихын жеке тұлғалар жасайтыны белгілі. Сол топтағы ағамыздың, қарымды қайратымен, арынды айбатымен атқарған қызмет жолы да ерекше. Оқу курсын аяқтамай жатып айтулы «Лениншіл жас» газетінде тілші, аудармашы, «Қазақстан» баспасында қызметкер болды. «Жазушы», «Мектеп», «Жалын» баспаларының шаңырағын көтеріп, уығын шанышқандардың бірі және бірегейі. Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінде үгіт-насихат бөлімінде қызмет атқарып, «Социалистік Қазақстан» газетінде редактордың бірінші орынбасары, кейін «Қазақстан» баспасының бас редакторы болды. Қазақ тіліне «Капиталды» бірінші аударып, Ленин шығармаларының толық жинағын шығарушы редактор. Серіктестері – аударманың барлық түрінің бесаспабы М.Жанғалин, саяси аударманың пірі біздің Қайыркен аға болғаны елімізге мәлім.

Қ.Сағындықовтың ерен еңбегі ерекше еленіп, 1981 жылы КСРО-ның «Құрмет белгісі» орденімен, одан соң «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, бірнеше медальдармен, Құрмет грамоталарымен наградталып, әр деңгейдегі депутаттық мандаттарға ие болған.

Ел Президентінің тың бастау-бастамасымен рухани жаңғырып, жаңарып жатқанымыз жарасымды. Ақылман Мұхтар Әуезовтің «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген қағидасын берік ұстап, бесігімізді қайта құндақтап, құбылаға бет бұрып, имандылық қағидалары мен дәстүр-салтымызды деріптеу де заңды.

Алланың жазуымен алпыс алты жасында дүниеден озған ағамыздың кеш те болса, өз елінде ескерілген шағы – ол 1998 жыл. Асыл да алтын Шарыпбану жеңгеміздің бастауымен «Айрық» кеңшарындағы орта мектепке ғалым ағамыздың аты берілді. Қостаушысы – облыс, аудан басшылығы болса, қуана құптаған ел-жұрт, ағайындары болатын. «Елім дерлік ер болса, ерім дейтін ел табылары» кәміл, әрине. Сол алқалы жиынға жан досы, ғалым Әбілфайыз Ыдырысов бастап, ел атынан ұлағатты ұстазы, ҚР еңбек сіңірген мұғалім Зейнел Боранбаев, досы, замандасы, ауыл шаруашылығы қызметінің ардагері Нәсен Қалашпаев сынды үлкендер жүрекжарды тілек, ақ ниеттерін жеткізген еді.

Аманжол ҚУАНБАЙ,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button