Жаңалықтар

Әбдішевтің адвокаты өмірден өтті

Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан ӘБДІШЕВТІҢ адвокаты Серік АЛПЫСОВ өмірден өтті. Бұл туралы заңгердің ұлы Арыстан СЕРІКҰЛЫ әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Әбдішев Бауыржан

Естеріңізде болса, Бауыржан Әбдішев 2014 жылы бұрынғы Премьер-Министр Серік Ахметов ісі бойынша қамауға алынған еді. Сол кезде адвокат экс-әкімді қорғауға белсенді атсалысқан.

Серік Мұқышұлы 1957 жылы дүниеге келген.
1980 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдаған.
Бұрынғы Жезқазған облысында тергеуші, аудан прокуроры, облыстық департамент бастығы болып қызмет етті.


ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бөлімін басқарды.

Қаржы полициясының отставкадағы полковнигі.

Кейінгі жылдары адвокаттық қызмет атқарды.
Бірнеше кітаптың авторы. Өкініштісі, соңғы кітабының тұсаукесері ертеңге – 23 тамызға белгіленген-ді. Ұлы Мейір Алпысов екеуі бірігіп жазған «Почему Казахстан не Норвегия и как нам обустроить Казахстан» атты бұл еңбегінде қос елдің экономикалық потенциалдарын тарата отырып, саладағы проблеманы терең зерттейді.

Марқұмның жаназасы бүгін Қарағандыдағы Әл-Машани мешітінде шығарылды.

Нұрқанат ҚАНАПИЯ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button