АймақАқтоғай

«Батамен ер көгереді»

Ақтоғай ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен волонтерлар ақпанға жоспарлаған шараларды жүзеге асыруды қолға алды. Жыл басынан жолға қойылған «Ардагерім – ардағым!» жобасы аясында еріктілер көмекке мұқтаж отбасыларға қолғабыс етуде.

Бұл жолы Ақтоғай аграрлық-техникалық колледжінің студенттері, волонтер жастар жалғызбасты қарт кісінің үйіне барып, ауласының қарын тазалап, көмектесіп қайтты. Жастардың көмегіне дән риза болған қариялар ақ баталарын беріп, қайырымдылық шарасы алдағы уақытта да жалғасын тапса екен деген тілегін білдірді.

– Аға ұрпаққа одан әрі көмек көрсету белсенді жастардың жоспарында бар. Бұл ойымызды жүзеге асыру үшін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында байланыс телефондарын жариялаймыз. Сөйтіп, әрбір жалғызбасты аға ұрпақ өкілі өзіне қажетті көмек сұрай алады. Жастар қар күреуге арналған жабдықтарын алып, қыс айы біткенше жалғызбасты қарттардың, тыл еңбеккерлерінің және мүгедектігі бар жандардың ауласын қардан тазалап береді. Қайырымдылық жасаған жақсы ғой, мұқтаж жандардың күлімдеген жүзі жүрегіңе бір жылылық ұялатады, – дейді Ақтоғай ауданының Жастар ресурстық орталығының басшысы Шыңғыс Елеген.

Нұрдос КӘРІМ,
Ақтоғай ауданы
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button