Абай ауданының Топар кентінде тұратын батагөй ақсақал Абай Бегейді елдің бәрі біледі. Ол ұзақ жылдар мектепте ұстаздық етіп, зейнет демалысына шықса да, қоғамдық, рухани өмірдің бел ортасында жүреді. Көпті көрген қария кент оқушыларымен, жастармен жиі кездесіп, оларға баталарын беріп тұрады.
Міне, осы аузы дуалы қартымыз Абай Бегей күні кеше ғана облыстық Әнет баба атындағы мешіт ұйымдастырған “Бата–елге құт” жарысында жүлделі бірінші орын алып, енді бата беруден алда болатын республикалық сайысқа қатысуға жолдама алды.
Ержан ИМАШ,
Абай ауданы
Сурет ұйымдастырушылардан