АймақБұқар жырау

Баспаналы болған доскейліктер

Наурыз мерекесі қарсаңында Доскей аулында әлеуметтік осал топқа жататын 58 отбасы баспаналы болып,оларға пәтер кілттерін Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары Берік Көпбаев пен аудандық мәслихаттың төрағасы Асхат Әли тапсырды.

Облыстық бюджет есебінен жөнделген бұл бес қабатты екі үйден берілген пәтерлер екі және үш бөлмелі де,олардың іші кең әрі жарық.


Жаңа қонысқа орныққан жандардың қатарында көпбалалы Степан мен Елена Басай да бар.Бес баласы бар бұлар бұған дейін ата-анасының үйінде қысылып-қымтырылып,осы баспанасын үш жыл бойы күткен.


Жаңа пәтерге ие болған Виктория Гайсер мен оның қамқорлығындағы 15 жасар Диананың да қуаныштарында шек жоқ.
Осыменен Доскей аулында қалпына келтірілген 7 көпқабатты үйдің барлығы да модульдік қазандықпен жылытылып отыр.Ауыл әкімі Рүстем Исаиновтің айтуынша,алдағы екі жылда тағы да осындағы 2 көпқабатты тұрғын үйді жөндеп,қалпына келтіру жоспарланған.
Биыл аудан бойынша 100-ден астам отбасыға пәтер беру көзделсе,соның сегізі осы Наурыз мейрамында Ботақара кентінен баспана алмақ.

Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы
Суреттер ұйымдастырушылардан

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button