Жаңалықтар

Баспана сертификаты берілді

Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы көпбалалы отбасыларға тұрғын үй жағдайларын жақсартуға қол ұшын созуда. Атап айтқанда, Тәуелсіздік күніне орай Көмір және Болат департаментінің тоғыз қызметкеріне пәтер алуға сертификат табыс етілді.

Көпбалалы шахтерлер мен металлургтер Жаңа жылға дейін өз баспаналарында қоныс тойларын атап өтеді деп күтілуде. Қызметкерлердің Шахтинск, Теміртау және Қарағандыдан пәтер алуға мүмкіндігі бар.

  • Үш қыз, екі ұлым бар. Кіші ұлымның денсаулығы төмен. Дәрі-дәрмектерге көп ақша кетеді, сондықтан пәтер алуға қаражат жинауға шамамыз келмеді. Енді біздің жеке үйіміз болады. Көпбалалы отбасыларға қамқорлығы үшін мемлекетке, ел Президентіне, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына үлкен рахмет, – деді «Саран» шахтасының тау-кен жерасты шебері Тілек Әділмұрат.

Сертификат табысталған көпбалалы отбасылар бұған дейін пәтер жалдап келген. Қаржылық қиындықтарға байланысты аталған отбасылар баспана алуда мүмкіндіктерінің болмағанын атайды. Ал, компания тарапынан жасалған қадам – бұл мәселені түбегейлі шешті дейді олар.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button