Барлау бөлімшелері бағын сынауда

   Спасск оқу-жаттығу орталығының базасында «Астана» өңірлік қолбасшылығының ұйымдастыруымен «Алтын Үкі – 2017» барлау бөлімшелерінің IX халықаралық жарыстары басталды.

Жалпы, «Алтын Үкі – 2017» ха­­лықаралық жарыстары – қаты­су­шылардың іс жүзіндегі жауынгерлік әрекеттерін, сондай-ақ, жоғары адам­гершілік-психологиялық әскери арнайы дайындығын қалыптас­ты­руға бағыттайды. Сайыс өтетін бес күн аралығында Қазақстан, Беларусь, Пәкістан, Ресей елінің сегіз командасы арасында үздік барлау тобы анықталады. Сайысқа қатысатын әрбір әскери қызметші үшін қойылатын басты талап – төзімділік, дәлдік және ептілік таныту. Бұл ретте арнайы мақсаттағы әскери қызметшілер он кезеңнен өтуі тиіс. Осы арқылы барлау бөлімшелері командирлерінің жұмыс деңгейі, ал, әскери қызметшілердің оқ ату және далалық машық деңгейі белгілі болады. Оған қоса күрделі жағдайдағы міндеттерді пысықтауға әзірлігі, сондай-ақ әртүрлі кәсіби амалдарды орындау деңгейі анықталмақ.

Суретті түсірген

Д.Құрманғалиев.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.