Қарағанды

Бар жақсылық – балаларға

    Оқушылардың жазғы демалысының басталуына орай, Жас натуралистер станциясы Қарағанды қаласының оқушыларына есігін айқара ашты. Ауыл шаруашылығы жазғы еңбек лагерінің ұйымдастырылуы – қалалық мектеп оқушыларының бос уақытын дұрыс, қызықты өткізуіне жағдай жасайды.

Жазғы демалыс – бұл тек қана әлеуметтік қорғау ғана емес, сонымен қатар, балалардың шығармашылықтарын дамыту үшін мүмкіндік жасау, оқушылардың практикалық іс-әрекеті мен қабілеттерін дамыту, зерттеушілік қабілеттерін ашу және өздері білім алатын мектебінің экологиясын жақсарту болып табылады. Лагерь жұмысының барлық бағыттары танымдық сипатта және қоғамдық-пайдалы істерге бағытталған. Жазғы еңбек лагері балалардың толық демалуларына, танымдық қызмет түрлеріндегі білім мен іскерліктерін арттыруға, әлеуметтік бейімделулері үшін қажет. Агротехникалық жұмыс жүргізу барысында оқушылар құнды дәрілік, сәндік гүлді және ағаш өсімдіктерінің түр құрамымен танысады. Жазғы еңбек лагерінің бағдарламасы оқушыларға жұмыс істеуге ғана емес, сонымен қатар байқаулар, викториналық, экологиялық ойындар, Орталық Қазақстан аймағында таралған өсімдіктер туралы ақпараттар қамтыған. Лагерьде балалар сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өздерінің қызығушылықтарына қарай іспен айналысуына мүмкіндік алады.

Күлшат ҚАТПАТАЕВА,

«Жас натуралистер» станциясы директорының өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button